Герб РК Управление по делам религий

+7 (7262) 43-88-28

Наш адрес: Республика Казахстан, город Тараз, ул. Толе би, 35
Содержание

Отчет управления о проделанной работе за 2015 год

Облыс әкімдігі дін істері басқармасы тарапынан 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы қорытынды
ЕСЕП
 
 
Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы!
Құрметті әріптестер мен есепке қатысушылар!
 
Иордания королі Абдулла II ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2010 жылдың 20 қазанындағы 34-ші пленарлық отырысында конфессияаралық қатынастар үйлесімділігінің бүкіләлемдік апталығын әр жылдың ақпан айының 1 мен 7 аралығында атап өтуді қабыл алды.
Осыған орай, Сіздерді Конфессияаралық қатынастар үйлесімділігінің бүкіләлемдік апталығымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Уважаемые участники заседания!
По предложению короля Иордании Абдалла ІІ 20 октября 2010 года, на своем 34-м пленарном заседании, Генеральная Ассамблея приняла решения отмечать с 1 по 7 февраля каждого года Всемирную неделю гармоничных межконфессиональных отношений.
Связи с этим, я поздравляю Вас всех с Всемирной неделей гармоничных межконфессиональных отношений.
Дін саласы кез-келген мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының, қоғамдық-саяси ахуалының басты өлшеуіш құралдарының бірі екені баршаңызға белгілі. Діни тұрақтылық бүгінгі күні әрбір қазақстандықтың да бақуатты өмір сүруінің бірден-бір алғышартына айналды десек артық болмас. Шартарапты шарпыған діни экстремизм мен терроризмнен келген зардаптарды бүкіл адамзат баласы көріп отыр. Осындай теріс пиғылды түрлі ағымдар мен топтарды жою жолындағы күрестің оң нәтижелері де жоқ емес. Соның ішінде мемлекет Басшысы мен ҚР Үкіметі тарапынан жасалған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы есепті жылы облысымызда да бірқатар игі істер атқарылды.
Жалпы, облыста мемлекеттік тіркеуден өткен 11 конфессиядан тұратын 326 діни бірлестік пен филиал қызмет атқаруда. Оның 281-і мешіттер болса, христиан діни бірлестіктері мен филиалдарының саны – 45(8 – орыс-православ, 1 – рим-католик, 35 – протестанттық шіркеулер мен 1-орыс-православ шіркеуінің өкілдігі).
281 ҚМДБ мешіттерінде арнайы бұйрықпен бекітілген 260 имам қызмет атқаруда, 2014 жылы 39 мешітте имам болмаса, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде олардың 18-не имамдар орналастырылып, нәтижесінде имамсыз жұмыс атқаратын мешіттердің саны 21-ді құрады. Олардың ішінде жоғары білімі барлары – 11,3%, орта білімділері (медресе бітірген) – 20,4%, сауат ашу курстарынан өткендері – 68,3%-ды құрайды.
В области во всех христианских религиозных объединениях назначены священнослужители. Из них 24% - имеют высшее образование, 24% -средне-специальное, 52% - не имеют религиозного образования.
В Управлении зарегистрировано и осуществляют свою деятельность 5 иностранных миссионеров, которые являются гражданами Южной Кореи - 4, Италии – 1.
На постоянной основе  проводится мониторинг их деятельности, в результате чего фактов нарушения требований законодательства миссионерами не зафиксировано.
В рамках реализации государственной политики в сфере религии в целях повышения религиозной грамотности, профилактики религиозного экстремизма и терроризма, пропаганды канонов традиционных религий, управление по делам религий совместно с областными управлениями (образования, внутренней политики, молодежной политики, культуры), правоохранительными органами, областным секретариатом Ассамблеи народа Казахстана, этно-культурными центрами, гражданскими общественными институтами, религиозными объединениями проводят целенаправленную работу.
В отчетном году Управлением совместно с Центром изучения проблем религий проанализирована религиозная ситуация на строительных площадках, в торговых центрах, привокзальных площадях, в местах массового скопления населения всех районов области и г.Тараз, разъяснены приоритеты Послания Президента РК, организованы встречи с прихожанами культовых сооружений, осужденными гражданами исправительных учреждений, журналистским пулом, представителями религиозных объединений в формате вопросы-ответы, а также других форматах, проведено 870 мероприятий с охватом около 45 тысячи человек.
Аталған іс-шаралардың ішінде көпшіліктің назарын өзіне ерекше аударған шаралар қатары аз болған жоқ. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Тараз қаласындағы Жастар сарайында өткен «Қазақстан тарихындағы ислам дінінің орны» аймақтық және Қордай ауылында облыстық прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырылған «Ислам терроризмге қарсы» республикалық тәжірибелік конференцияларымен Меркі ауданында өткен «Мемлекеттің дін саласындағы саясатының басым бағыттары» атты облыстық көшпелі семинар-тренингтер жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерге, ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне, әскерилерге, имамдарға, дін саласында мақала жазатын журналистік пул мүшелеріне де семинар-тренингілер ұйымдастырылды.
Іс-шаралар ішінде «Оупен эйр» («open air» - «Ашық аспан») форматында өткен кездесулер көпшілік көңілінен шыққанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, Орталық дінтанушылары тарапынан Тараз қаласының орталық базарларында «радио рубка» арқылы діни сауаттылықты көтеруге арналған дәрістер оқылды.
Іс-шараларға жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени орталықтардың және БАҚ өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері және жастар қатысты. Лектор ретінде республикаға танымал дінтанушы, тарихшы, психолог мамандар шақырылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Н.Қабылов, ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі А.Әбдірәсілқызы, ғылыми сарапшысы, дінтанушы, Phd (Пи Аш Ди) докторы М.Исахан, діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, бас ғылыми қызметкер Т.Әбуов, аға ғылыми қызметкер Е.Қожбанхан, Исламды зерттеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері М.Муслимов, Астана қаласының «Ақниет» оңалту орталығының дінтанушы-мамандары Е.Досмағамбетов, Ә.Қиманов, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары Ж.Дәуренов, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры Ә.Дербісәлі, «Нұр Мүбарак» университетінің оқытушысы Ж.Жүсіпбеков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы М.Алпысбес, «Дінтану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Избаиров, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылары, дінтанушылар З.Жандарбек пен М.Мырзабеков, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, теолог-исламтанушы ғалым Е.Әміре, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі М.Ахметов, шақырылып, облыс, аудан, ауыл тұрғындары мен ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің діни сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарлама мақсатын түсіндіру шеңберінде оқу-ағарту жұмыстары жүргізілді. Мәселен, облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында «Конфессияаралық келісім мемлекет тұрақтылығының негізі», «Этносаралық келісімді орнатудағы діни фактордың орны», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» атты тақырыптарда 160 сағат дәріс оқылып, семинар жұмыстары жүргізілді.
В целях вовлечения в реализацию государственной политики в сфере религий представителей религиозных объединений области Управлением в течении отчетного года осуществлены ряд пилотных проектов. Одним из них является экскурсия организованная в честь празднования 550 летия Казахского ханства с целью ознакомления прихожан религиозных объединений области с историей и культурным наследием Казахстана по историческим местам и музеям в городе Тараз, историко-краеведческому музею области, раскопкам древнего городища Тараз, мавзолей «Карахан», «Тектурмас», «Айша биби».
Также в предверии празднования «Дня духовного согласия» на базе спортивного комплекса «Тараз-Арена» организована и проведена спартакиада с участием команд из числа религиозных объединений области по различным видам спорта (мини-футбол, поднятие гири, перетягивание каната, шахматы, арм-рестлинг и др.).
Вместе с тем, создан Клуб руководителей религиозных объединений, на заседаниях которого обсуждаются вопросы дальнейшего укрепления духовного согласия, гармонизации и укрепления межконфессиональных отношений.
Представителями конфессий, участвовавшими на вышеуказанных мероприятиях, было предложено традиционно и систематически проводить подобные мероприятия.
Басқарма болашақ кадрларды қалыптастыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТарМПИ және Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университеттерімен меморандум қабылдап, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеттерімен келісім-шарттар жасап, Басқармада дінтанушы мамандығының студенттері тәжірибеден өткізілуде. Атап айтқанда, соңғы үш жылы Басқармадан 12 студент тәжірибеден өтті.
Облыстық Терроризмге қарсы комиссиясының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес ақпараттық-түсіндіру топтарының тиімділігін арттыру мақсатында сапалық және сандық құрамы белгіленді. 2015 жылы 4 ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) жұмыс атқарды, әр топ 3 кәсіби дінтанушыдан жсақталды. Олардың 6-уы дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері, 2-уі ғылыми дәрежелі дінтанушылар болса, 4-уі ҚМДБ-ның теолог-имамдары.
Есепті мерзім ішінде, АТТ Тараз қаласы мен аудандарда 225 іс-шара ұйымдастырып, онда 12 мыңнан астам адам қамтылды. АТТ жұмысын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 2 млн.теңге бөлінген.
Жыл ішінде мұндай 24 АТТ Тараз қаласы мен аудандық әкімдіктер жанынан да құрылып, жұмыс атқарды.Олардың тарапынан ұйымдастырылған 425 іс-шараға жыл ішінде 20 мыңнан астам облыс тұрғындары қамтылды.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында АТТ жұмыстарына жаңа форматтағы іс-шаралар енгізіліп, сауда орындары, базарлар мен жұмыссыз топтар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары қолға алынды.
Облыстағы әйел жамағаттары мен дін ұстанушы қыздар арасында түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.
Осы себепті облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған Дағдарыс ортылығымен қарым-қатынас орнатылып,М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан «Қыз Жібек» клубы құрылып, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы «Айша», Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанындағы «Айгерім» клубтарына дін саласында консультациялар берілуде. Жыл ішінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»  тақырыбында онлайн-конференциясы, «Қоғамымыздағы діннің рөлі және қыз-балалардың тәрбиелік ерекшелігі» атты «дөңгелек үстел» отырысы, «Қыз тәрбиесіне бастар жол» тренингі өтті.
Сонымен қатар, облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары қатарынан әйел жамағаттарымен жұмыс атқаратын облысымызға кеңінен танымал белсенді әйелдерден тұратын арнайы топ құрылды.
Ақпараттық-түсіндіру топтары кездесулер барысында дін мәселелерімен қатар, ұлттық дәстүрге, ұлт тәрбиесіне, жастарды ұлтжандылыққа баулу, отбасы құндылықтары, қазақ халқының қыз тәрбиесіне берген басымдығы және басқа да адамгершілік пен ұрпақтар сабақтастығына қатысты тақырыптарды кеңінен ашуда.
Жалпы, облыс тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, жастар тәрбиесін жетілдіру, дәстүрлі дін құндылықтарын кеңінен насихаттау, суицидтің алдын алу, вакцинация мәселелерін шешу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шығарылған пәтуаларды («Хизбут-Тахрир» ұйымы жайлы», «Тәкфир және һижрат жамағаты», «Шәһид үкiмi», «Отанды сүю және ұлтжандылық туралы», «Суицидке шариғат не дейді?», «Бір жыныстыларға қатысты», «Сириядағы жағдайға байланысты», «Жиһад ұғымы және қазіргі заман»,) әрдайым тиімді пайдалануда.
Мәселен, жыл басында Т.Рысқұлов және Талас аудандарында орын алған жаға ұстатарлық жайттардан кейін облыс мешіттерінің барлығында жұма намазында «Бала тәрбиесі: оның ішінде қыз баланы тәрбиелеу» уағызы ұйымдастырылды және жалғасын табуда.
Басқарма мемлекеттік дін саласын жүзеге асыруда үшінші сектор (I. Мемлекет; II. Бизнес; III. НПО; IV. СМИ) өкілдері азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тиімді пайдалануда. 2015 жылы дін саласына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 5 жобаға 10 млн. теңге бөлініп, діни сауаттылықты арттыруға, конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Облыста мемлекеттік дін саясатын жүзеге асыруға арналған әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырушы әлеуетті үкіметтік емес ұйымдары санының жылдан-жылға өсу тенденциясы байқалады.
Мәселен, 2013 жылы олардың саны 6 болса, бүгінде мұндай ұйымдардың саны 14-ке жетіп, екі еседен аса өсіп отыр. Азаматтық қоғам институты өкілдері жер-жерлерде, шалғайдағы елді мекендерде мемлекеттің дін саясатын жүзеге асыруда үлкен рөл атқаруда. 2015 жылы аудандар мен Тараз қаласында дін саласындағы әлеуметтік жобаларға 4,5 млн. теңге бөлінді (Тараз қ. 0,5 млн. тг., аудандарда 4,0 млн. тг.).
Есепті жылы Басқарма тұрғындарға мемлекеттің дін саласын насихаттау, түсіндіру жұмыстары мен ақпараттық саясатқа басымдық берді.
Жыл ішінде БАҚ құралдарында діни тақырыптарда 2 мыңнан астам материал жарық көрді (телерадиода - 70, интернетте – 1600, газеттерде - 400).
Облыста 5 веб-сайт (www.hibatulla.kz, www.sektamnet.kz, www.tarazdini.kz, www.e-islam.tarmpi.kz, www.e-islam.tarsu.kz) діни ақпараттық-насихаттық жұмыстар атқаруда. Олардың жұмыстары мен контенті облыс әкімдігі дін істері басқармасының тұрақты бақылауында.
Арнайы жасақталған «Блогерлер» тарапынан abai.kz, ult.kz, e-islam.tarmpi.kz, tarazdini.kz сайттарында және «Ғасеbоок» интернет-ресурстарында пікірлер орналастырылып, дінтанушылар мен теолог мамандардың сұхбат алаңдары белсенді ұйымдастырылды.
Аталған материалдар www.youtube.com интернет-ресурсында жарияланып, қазіргі уақытта 100-ден астам интернет қауымдастығы танысып, сілтемесі «Маіl.ru», «В контакте» және «Ғасеbоок» интернет-ресурстарына жарияланды.
Тұрғындар арасында жалған діни идеяларының таралуын болдырмау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлерге, құқық қорғау органдарына, мектеп директорларына, психологтар мен жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін инспекторларға, орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушыларына және мешіт имамдарына арналған арнайы кітаптар мен брошюралар 17 мың және жалған діни-нанымдардан сақтандыруға арналған тақырыптық буклеттер 34 мың данада шығарылып, таратылды.
Мектептердегі «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушыларына арналған аудио лекциялар және бейнежинақ DVD-диск түрінде 700 данада басылып таратылды.
Сондай-ақ, Басқарма тарапынан деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтарды оңалту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл ішінде 71 азамат қалыпты діни көзқарасқа қайтарылды.
Оның ішінде 25-і бас бостандығынан айрылған азаматтар. Облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде басқарманың үйлестіруімен жазасын өтеуші азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу мақсатында, бекітілген дін қызметкерлері мен басқарма қызметшілері белгіленген кестеге сай кездесулер өткізіп, топтық және жеке форматта 266 кездесу ұйымдастырылды. Оның 172-не имамдар, 58-не орыс-православ шіркеуінің діни қызметшілері, 36-не евангель-христиан баптистері қатысты.
Сонымен қатар, 2015 жылы Басқарма тарапынан түзеу мекемелеріне маңызды сұрақтар мен жауаптарды қамтыған  300 дана діни әдебиет берілді.
Нәтижесінде 33 сотталушының 75%-ырадикалды діни көзқарастарынан қайтарылды. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Жыл ішінде облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығына» 10 адам ауызша шағымданып, «сенім телефондарына» (51-50-20) 24 хабар түсті. Түскен сауалдарға дінтанушы және психолог мамандар тарапынан зерделеніп, тиісті жауаптар берілді. Мәселен, Тараз қаласы тұрғынының бұрынғы зайыбы дәстүрлі емес діни ағымға кәмелетке толмаған қызын тартуға байланысты шағым түсірді. Орталық мамандарының көмегімен материалдар әзірленіп, келіншекті ата-аналық құқығынан айыру туралы өтінім сотқа жолданды. Нәтижесінде аталған азаматтың шағымы қанағаттандырылды. Тараз қаласы мен аудандарда Орталықтың сенім телефоны мен республикалық «114 - Қауырт желісі» туралы 13 билборд ілініп, жергілікті телеарнаның «Жүгіртпе жолы» арқылы хабарлама таратылып, Тараз қаласындағы 500 автобустың сыртына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жарнамалық стикерлер жапсырылды.
2015 жылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған 6 бейнеролик пен 1 деректі фильм дайындалды, оның екеуін назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Құрметті жиынға қатысушылар!
Басқарма өзінің құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңынына сәйкес, прокуратура органдарына заңнаманы бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде 11 ұсыныс енгiзді.
Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Заңға сәйкес өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді.
Осыған орай, 2015 жылы Басқармамен облыстың барлық өңірлерінде қалыптасқан діни ахуал зерделенді.
Нәтижесінде аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдар тарапынан жіберілген бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды алдағы уақытта болдырмау үшін құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар берілді.
Мен оларға жекелей тоқталмай, жалпы кездесетін кемшіліктерді атап өтсем. (Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша кеткен кемшіліктер мен алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар туралы Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне ұсыныс жолданған болатын. Сонымен қатар, облыс басшылығына ақпарат ретінде ұсынылды.)
Ресми тіркеусіз және заңсыз қызмет атқарған ғибадат үйлері, құрылыстары тиісті шешімсіз жүргізілген заңсыз намазханалар, сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған діни әдебиеттер («Таблиғ жамағаты» діни ұйымына тиесілі «Амалдардың құндылықтары»), тіркеусіз миссионерлік қызметпен айналысу фактілері кездескенін айту керек.
Осы себепті Басқарма атқарылған жұмыстар мен олардың нәтижесін ескере отырып, аудандардың жұмысына рейтинг әзірледі.
Рейтинг көрсеткіштеріне сәйкес, Тараз қаласы мен Жуалы Қордай аудандарының жұмысында ілгерілеушілік байқалса, Мойынқұм, Сарысу аудандарына алдағы уақытта жұмысты жандандыру ұсынылады.
Жалпы, өңірлердің діни ахуалы бойынша өзекті мәселелерге тоқталар болсақ Байзақ ауданы, Көктал, Құмжота, Сарыкемер ауылдарында, Жамбыл ауданы, Ақбастау ауылдық округінде, Т.Рысқұлов ауданы, Қарақыстақ, Құлан, Көгершін, Юбилейный ауылдарында және Меркі, Сарысу, Талас аудандарында жұмыстарды күшейту қажеттігі туындауда.
Себебі, аталған ауылдарда сыңаржақ діни идеяларды ұстанушы азаматтар әлі де болса кездеседі. Ал, Меркі, Сарысу, Талас ауданы жастары арасында салафизм діни ағымының кеңеюі байқалады.
Осы ретте, Басқармамен аудандарда «Жастар орталықтары» тарапынан арнайы сектор ашу ұсынылған. Атап айтқанда, облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №2 және облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысының №4 хаттамаларында нақты тапсырмалар берілген.
Бүгінгі күні тек қана Қордай ауданы мұндай сектор жұмысын ұйымдастыруда. Ал, 350 мыңнан астам халқы, 28 мешіт, 23 шіркеуі бар Тараз қаласы үшін сектор ашу барлығынан бұрын маңыздырақ деп есептеймін.
Сондай-ақ, Франциядағы жағдайдан кейін мешіттерге бейне бақылау орнатуды да қарастыру керек деп санаймын.
Мемлекет тарапынан тыйым салынған экстремистік және террористік діни ағымдардың ықпалынан сақтау, сыңаржақ діни идеяларды болдырмау мақсатында облыс тұрғындарын шетелдік діни оқу орындарына шығуының алдын алу мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімдігі дін істері басқармасы шетелдік діни оқу орындарында оқитын жастар мен олардың ата-аналарымен жоспарлы түрде кездесулер өткізуде.
Жалпы, облыс көлемінен шетелдік діни оқу орындарында оқитындардың саны – 29 (Тараз қаласынан – 4, Жуалы– 3, Қордай– 17, Шу– 2, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас аудандарынан – 1 азаматтан).
Студенттердің 5-уі Сауд Арабиясы Корольдігінде, 2-уі Түркияда, 10-ы Пәкістанда, 4-уі Малайзияда, 6-уы Египет Араб Республикасында, 2-уі Бангладеште оқуда.
Олардың 16-сы Қордай ауданынан шыққан дүнген этносының өкілдері болуына орай, Масаншы ауылында «Құран оқыту орталығын» ашу ұсынылған. Дегенмен, бұл тапсырма арнайы лицензия алу мәселесіне орай шешімін таппай отыр.
Бүгінгі күнге дейін шетелдік теологиялық оқу орындарын аяқтап келген азаматтардың саны 90-ға жуық. Оның 10-нан астамы дін саласында қызмет атқарады. Қалғандарының басым бөлігі Қордай ауданының тұрғындары. Олар жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануда.
Облыста «Дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін 442 мұғалімнің 214-і арнайы курстан өтпеген. Діни ахуалы күрделі болып табылатын Қордай ауданындағы 60 мұғалімнің 22-сі, Т.Рысқұлов ауданындағы 34 мұғалімнің 8-і ғана «Дінтану негіздері» пәні бойынша арнайы курстан өткен.
Осыған орай, ағымдағы жылы Тараз қаласы мен аудандардағы мектептерде «Дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін, бірақ арнайы курстан өтпеген мұғалімдерді «Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» базасында арнайы курстан өткізуді ұсынамын.
Бұл туралы 2015 жылдың 23 қазанында №03-4093 шығыс хатымен, Ерқанат Нұрбапаұлы, Өзіңіздің қолыңызбен де Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне тапсырма берілген болатын.
Уважаемые коллеги!
В конце отчета хотелось бы обратить внимания на то что для более глубокого изучения религиозных взглядов населения Управлением среди 732 респондентов организованы социологические исследования среди различных групп населения на тему «Изучение уровня религиозности населения и их отношение к государственной политике в сфере религии».
В ходе изучения большинство респондентов (86,4%) оценивают межконфессиональные отношения, как безконфликтно развивающиеся в мире и согласии. В этом большая заслуга и присутствующих здесь участников отчетного собрания.
Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы!
Басқарма үстіміздегі жылы алдағы жұмыстарды жалғастыра отырып, облыс аудандарында Басқарма күндерін ұйымдастыруды жоспарлауда. Онда Сіздің тапсырмаңызға сәйкес ескі форматтағы конференциялар мен «дөңгелек үстел» отырыстары орнына мақсатты топтар нақты іс-шаралармен қамтылатын болады. Мәселен, аудандарда жұртшылыққа кинотеатрлардан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған фильмдерді тегін көрсетуді, сауалнамалар, флеш-мобтар, оупен эйр және басқа да жаңа форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
Бұл жұмыстар өз кезегінде облыста қалыптасқан діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға мүмкіндік береді деп сенім білдіремін.
Есеп аяқталды, назарларыңызға рахмет!Дата последнего изменения:

Наверх

KZ  RU
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Управление по делам религий
Разработано: Агентство "5-й Элемент"