Герб РК Управление по делам религий

+7 (7262) 43-88-28

Наш адрес: Республика Казахстан, город Тараз, ул. Толе би, 35
Содержание
Банеры












































Доклад руководителя управления на брифинге со СМИ области

Облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы
Жангелді Жайлауұлы Омаровтың бұқаралық ақпарат құралдарымен
өткізген брифингтегі баяндамасы
 
Құрметті баспасөз қызметкерлері!
       
      Бүгінгі күнге облыста 11 конфессиядан тұратын 326 діни бірлестік пен филиалдар және өкілдік қызмет атқарады. Оның 281-і мешіттер, 45-і христиан діни бірлестіктері мен филиалдары (8 - православтық, 1 - рим-католиктік, 35 – протестанттық шіркеу, 1 орыс-православ шіркеуінің өкілдігі).
        Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы мен басқа да мемлекеттің дін саясатына қатысты нормативтік құқықтық актілерді негізге алады.
         Басқарма облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес жұмысын үйлестіреді, оның төрағасы облыс әкімі, мұндай кеңестер Тараз қаласы мен аудандық әкімдіктер жанында да құрылып, қала, аудан әкімдерінің төрағалығымен қызмет атқаруда.
 
Уважаемые представители средств массовой информации!
         Как вы знаете 10-11 июня 2015 года в Астане прошел V Съезд лидеров мировых и традиционныех религий на тему «Диалог религиозных лидеров и политических деятелей во имя мира и развития».
Подводя итоги V Съезда лидеров мировых и традиционных религий Н.Назарбаев заявил: «Сделан еще один шаг навстречу друг другу, к пониманию исключительной важности мира, согласия между религиями, народами и государствами».
В целом созыв очередного межрелигиозного саммита в Астане стал еще одним весомым вкладом Казахстана в формирование новой парадигмы международной безопасности, основанной на поддержании эффективног диалога религиозных лидеров и политических деятелей на пути поиска совместного ответа угрозам и вызовам глобализирующегося мира.
     Одним из важных аспектов в обеспечении религиозной стабильности в регионе является деятельность нашего коммунального государственного учреждения «Центр исследования проблем религий» акимата Жамбылской области, которое создано в июле 2014 года, состоящий из  квалифицированных религиоведов, психологов,  инспекторов.
       Основными задачами деятельности Центра исследования проблем религий является изучение и анализ религиозной ситуации, посредством  проведения социологических исследований, индивидуальных встреч, точечной работы с целевыми группами, организации работы «Телефона доверия» (51-50-20 и 8771050-13-04), оказание психологической, консультативной, юридической и социальной помощи людям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации из-за деятельности деструктивных религиозных течении, проведение  обучающих семинаров, тренингов, «круглых столов», конференций и других организационно-практических мероприятий среди населения области.
        Во исполнение «Государственной Программы по противодействию религиозному экстремизму и терроризму в Республике Казахстан  на 2013-2017 г.г.», в текущем году названным Центром проведено 196 мероприятий, с охватом населения около 11 тысяч человек. Мероприятия организованы среди различных слоев населения, в частности охвачены государственные органы, медицинские и коммунальные учреждения, банки, частные структуры, правоохранительные органы, различные учебные и культовые заведения, сельские округа, а также торговые места с большим скоплением населения.
 
Құрметті брифингке қатысушылар!
          Діни қызмет саласында Басқармамен 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар:
1. Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу, бұл бағытта 14 намазхананың қызметіне шешім берілді.
2. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтарды тіркеу, бұл бағытта 5 (3-еуі католиктік, 2-еуі пресвитериандық шіркеуде) шетелдік (1-еуі Италиядан, 4-еуі Корея Республикасынан) азамат тіркелген;
3. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру, бұл бағытта облыс тұрғындарынан өтініштер түскен жоқ.
         Дін істері басқармасы жыл ішінде облыс тұрғындары арасында діни сауатсыздықты жою, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру бағытында облыс әкімдігі басқармалары, құқық қорғау органдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы, этномәдени орталықтар, азаматтық қоғам институттары және діни бірлестіктермен бірлесе 220 ауқымды іс-шара ұйымдастырды.
      Оның ішінде, көпшіліктің назарын өзіне ерекше аударған шаралар қатары аз болған жоқ. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, үстіміздегі жылдың 16-17 сәуірінде Тараз қаласындағы Жастар сарайында өткен «Қазақстан тарихындағы ислам дінінің орны» тақырыбындағы аймақтық конференциясы, маусым айының 16-17 күндері Меркі ауданында өткен «Мемлекеттің дін саласындағы саясатының басым бағыттары» атты облыстық көшпелі семинар-тренингі мен Қордай ауданында 24 қарашада облыстық прокуратурамен бірлесе өткізілген «Ислам терроризмге қарсы» республикалық конференциясын атауға болады.
         Өңірлерде діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауда үкіметтік емес ұйымдардың да әлеуеті пайдаланылуда. 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде  5 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, оған 10,0 млн. теңге бөлінді.
Әлеуметтік жобалардың аясында қоғамдық ұйымдар тарапынан 50-ге жуық дін проблемаларына қатысты семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары, дәрістер мен кездесулер мақсатты әрі әлжуаз топтар саналатын және діни экстремизм мен терроризм көріністерінің бейімділігіне осал болып табылатын мектептердің жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері, жастар, жұмыссыз азаматтар мен ауыл тұрғындары арасында ұйымдастырылды.
Қазіргі уақыт жедел ақпараттың кезеңі. Ол дін мәселелерінде де өте маңызды. Жыл ішінде БАҚ құралдарында діни тақырыптарда 2 мыңнан астам материал жарық көрді (телерадиода - 70, интернетте – 1600, газеттерде - 400).
Діни экстремизм мен терроризммен ақпараттық күресте облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті тарапынан үйлестірілетін hibatulla.kz сайтының қызметінің ауқымы кең, тіпті, ұялы телефонға арналған үлгісі де бар.
Дін мәселелеріне арналған республикалық «Қауырт желі-114» пен облыстық сенім-телефондарын елді мекендерде көпшілікке тарату мақсатында облыс бойынша 13 арнайы банерлер орналастырылды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған Бағдарламадан бастауын алған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары өз қызметін жалғастыруда.
        Құрамында арнайы діни жоғары білімдері бар облыстық 4 ақпараттық түсіндіру топтары жыл ішінде 225 мақсатты іс-шара ұйымдастырып, 12 мыңнан астам тұрғындар қамтылса, Тараз қаласы мен аудандарда 24 топ құрылып, 425 іс-шара өткізілген, оған 12 500-ден астам адам қамтылды.
         Ағымдағы жылы Басқарма ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5-бабы, 1) тармағына сәйкес, өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, аудандық жергілікті атқарушы органдар тарапынан жіберілген бірқатар кемшіліктерге талдау жасалып, оларды алдағы уақытта болдырмау үшін құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар жолданып, құқық қорғау органдарына дер кезінде 11 ұсыныс берілді.
         Мәселен, Қордай ауданының Масаншы, Шу ауданының Алға, Жуалы ауданының Көлбастау, Талас ауданының Есейхан ауылдарында жаңадан ашылған мешіттер қажетті шешімдерді алмастан ресми тіркеусіз және заңсыз қызмет атқарған.
Ал, Т.Рысқұлов ауданының Ақыртөбе және Малдыбай, Жамбыл ауданының Аса, Байзақ ауданының Мәдімар ауылдарында және Сарысу ауданы Жаңатас қаласында ғибадат үйлерінің құрылыстары тиісті шешімсіз жүргізілген. Тараз қаласының «Ауыл Береке», «Қайқармет», Орталық базарларында, Жуалы ауданының Ақтасты ауылында, Жамбыл ауданының Аса ауылында, Байзақ ауданының Мырзатай ауылдық округінде, Мойынқұм ауданының Ақбақай, Ақсүйек, Сарыөзек, Қарабөгет ауылдарында заңсыз намазханалар қызметтерін ұсынған.
         Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылындағы кітапханадан, Қордай, Меркі, Талас, Жуалы, Сарысу аудандарындағы ғибадат үйлерінен сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған діни әдебиеттер, оның ішінде, Талас ауданы, Ойық ауылындағы «Қойшыбай ата» және Жамбыл ауданы, Өрнек ауылындағы «Рәпілбек ата» мешіттерінен елімізде экстремистік деп танылған «Таблиғ жамағаты» діни ұйымына тиесілі «Амалдардың құндылықтары» атты кітабы табылды.
Зерделеу жұмыстары барысында облыс бойынша «Дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің сандық және сапалық құрамдары зерделенді.
Анықталғаны: «Дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін 442 мұғалімнің 214-і арнайы курстан өтпеген.
         Қазіргі таңда тұрғындар арасында дінге деген қызығушылықтың артуына қарамастан әлі де тұрғындар арасындағы діни сауаттылық пен мәдениеттің төмен көріністері байқалуда. Бұл өз кезегінде діни көзқарастардың радикалдануына немесе қақтығыстардың туындауына жағдайлар туғызуы мүмкін.
         Осыған орай, облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығында деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімі ашылып, дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматарды оңалту, дәстүрлі діни танымға қайтару бағыттарында жеке және топтық форматта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 68 азамат (25 түрмеде, 43 бостандықта) қалыпты көзқарасқа қайтарылды. 2015 жылы 732 респонденттің қамтылуымен «Тұрғындардың діндарлық деңгейін анықтау және мемлекеттің дін саясатына пікірі» тақырыбында облыста әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырылды. Сауалнама қорытындысына сәйкес, респонденттердің басым көпшілігі (84,6%) конфессияаралық қарым-қатынасты бейбітшілік пен келісімде, шиеленіссіз дамуда деп бағалайтындығы анықталды. Жалпы, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыстағы діни ахуалдың жағдайы қалыпты көріністе, дінге қатысты елді елең еткізерлік оқиға тіркелген жоқ. Алдағы 2016 жылы да осы бағыттағы жұмыстар жаңа қарқында жүргізілетін болады.
Уважаемые журналисты!
          Управление по делам религии акимата Жамбылской области, в своей работе, во исполнения поставленных задач и претворении в жизнь вышеуказанных программ, в противодействии религиозному экстремизму, а также религиозной стабильности в регионе приложит все свои усилия для стабильности и межконфессионального согласия среди религиозных объединений области.Дата последнего изменения:

Наверх

KZ  RU
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Управление по делам религий
Разработано: Агентство "5-й Элемент"